«Кредит бойынша мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіледі. Соңғы жылдары тұтынушылық кредит берудің өсуі аясында Мәжіліс депутаттарының және мемлекеттік органдардың атына проблемалық берешек деңгейін төмендетуге көмек көрсету жөнінде азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсуде», — деді депутат.
Оның атап өтуінше, банк омбудсманы проблемалық кредиттерді, әсіресе, тұтынушылық кредиттерді сотқа дейін реттеу аясында қарыз алушылардың құқығын қорғауға іс жүзінде қатыспайды.
Өйткені оның өкілеттігі ипотекалық қарыз дауларын қараумен шектеледі.
«Осыған байланысты, заң жобасында банк омбудсманының азаматтардың барлық кредиттері бойынша дауларды реттеу міндеті енгізілетін болады. Сондай-ақ, банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар үшін банк омбдусманының шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі», — деді Үнзила Шапақ.