«2014 жылдың қыркүйегінде ақша массасы өсіп, 13 трлн. 466 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 16 пайызға өсіп отыр», - деді Қ. Келімбетов.
Оның сөзіне қарағанда, банктік сектордың жиынтық активтері 13,5 пайызға артып, 17 трлн. 542 млрд. теңгені құрады.
1 қазандағы жағдай бойынша банктік сектордың ссудалық қоржын 14 трлн. 452 млрд. теңгені қамтыды немесе жыл басынан бері 8,3 пайызға артты.
«Депозиттердің жалпы көлемі 12 трлн. 97 млрд. теңгені құрады. Биылдың басынан бері оның деңгейі 20 пайызға жуық мөлшерде өсті», - деді Ұлттық банк басшысы.