«Жыл басынан бері банк жүйесіндегі депозиттер 22,5 тлрн теңгеге дейін 2,1 пайызға ұлғайды, оның ішінде ұлттық валютада – 3,9 пайызға немесе 14,4 тлрн теңгеге дейін 535 млрд теңгеге. Шетел валютасында 0,9 пайызға немесе 8,2 тлрн теңгеге дейін 77,5 млрд теңгеге азайды», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурызда елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылау кезінде.
Оның айтуынша, депозиттердің долларлану деңгейі 2021 жылғы ақпанда 2013 жылдан бергі ең төменгі мән 36,2 пайызға жетіп, төмендеуді жалғастырды.