Мұндай хабарландыру банктің сайтында жарияланды.
«Құрметті клиент. Банктің банкоматтары мен POS терминалдарындағы қызмет көрсету қалпына келтірілді», - делінген сайтта.
Осыдан 30 минут бұрын қаржы мекемесінің банкоматтары мен терминалдары істен шыққан болатын. Банктің байланыс орталығында сервер бұзылғанын, уақытша қолайсыздықтар 2-3 сағатқа созылуы мүмкін екендігін мәлім еткен болатын.
Карта қолданушыларының айтуынша, «БанкцентрКредит» карталары басқа банкоматтарда да іске қосылмаған еді.