Банкомат америкалық азаматқа 37 мың доллар шығарып берген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Портланд тұрғыны ерекше оқиғаға тап болды. Ер адам Мэн штатында банкоматтан 140 доллар ақшасын алмақшы болған, алайда машина қандай да бір себеппен оған тоқтаусыз банкноттарды жаудыртқан.

Банкомат оған барлығы 37 мың доллар шығарып берген, деп хабарлайды Mignews.

Ер адамнан кейін кезекте тұрған әйел банкоматтың алдында ұзақ тұрған адамнан күдіктеніп, полиция шақырған.

Полиция 37 мың долларды банкке қайтаруға мәжбүрледі, бірақ оған қарсы іс ашқан жоқ. Ақыр соңында ол өзінің 140 долларымен қалды.

Банк қомақты ақшаны беру «техникалық іркіліс» салдарынан болғанын айтты.