Банкомат жарылып, екі инкассатор ауыр жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфада банкомат жарылып, екі инкассатор күйіп қалды. Алдын ала болжам бойынша, арам ойлылар банкоматты жармақ болған, бірақ бұл әрекеттерін инкассаторлар келіп қалып, жүзеге асыра алмаған.

«Уфадағы коммерциялық банктердің бірінде болған банкоматтың жарылуы салдарынан екі инкассатордың денелерін ауыр күйік шалған», деп хабарлады РИА "Новости" аты аталмаған дереккөзге сілтеме жасап.

Жарылыс болған сәтте инкассаторлар банкоматтың жанында тұрған. Олар ауыр күйік жарақатымен жергілікті аурухананың біріне жеткізілді.

Башқұртстан ІІМ баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, оқыс оқиға бүгін, жергілікті уақытпен үш жарымда Мушникова көшесінде орын алған.