Банкоматтан 10 млн. рубльді жымқырып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеудің солтүстік-батысында банкоматтан 10 млн. рубльден астам қаржыны ұрлап кетті.

Бұл туралы РФ ІІМ ҚБ баспасөз қызметінен хабарлады. «Сенбі күні 05:00 шамасында Бажов көшесіндегі 24 үйдің екінші корпусында банкоматтың ашылғандығы жөнінде дабыл қағылды деп банктердің бірінің қауіпсіздік қызметі хабарлаған»,-деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі.

Артынша күзетілмейтін ғимараттағы тәулік бойы ақша алуға болатын банкоматты белгісіз біреулер ашып, 10.2 миллион рубльді жымқырып кеткендігі анықталды, деп хабарлайды Интерфакс.