«Ер кісілер «АТФ Банк» АҚ-ның Н.Әбдіров көшесінде орналасқан банкоматына келеді. Сотталушы газ дәнекерлегішінің көмегімен тесіктерді бұрғылап, диспенсерлерді басқаруға арналған арнайы бағдарламасы бар ноутбукті іске қосады. Ұрылар банкоматтан 7 303 500 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты шығарып алмақ болған кезінде көзге түсіп қалды. Сотталушы қылмыс үстінде қолға түсті, ал оның сыбайласы ізін суытты», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған азаматтың жеке мүлкі тәркіленіп, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
08:55, 12 Қаңтар 2017
Банкоматты бұзбақ болған Қарағанды тұрғыны бес жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ер кісі сыбайласымен бірге банкоматқа бұрғылау арқылы тесік салып, 7 млн теңге шығаруға тырысқан. Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, айыпкер танысымен бірге қылмыстық келісім жасасады. Олар «АТФ Банк» банкінің банкоматын ашуға тырысады.