«Омбы желілік полиция басқармасында қылмыстық істер тергеліп, Омбы облысының тұрғындарына қатысты тергеу алдындағы бірқатар тексерістер өткізілуде», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Калачинск стансасындағы теміржол вокзалында орнатылған банкомат белгісіз себептермен номиналы бір мың рубльдің орнына бесмыңдық купюралар бере бастаған. Осыны пайдаланған тұрғындар банкоматтан қыруар қаржыны алып кетіп, өз керектеріне жаратқан.