Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 58% ер және 42% әйел азаматтар.
Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Бұлар жалпы банкроттардың 35%-ын құрайды. Ең жасы - 19 жаста, ең егдесі – 76 жаста.
Мұндай санатқа жататын азаматтар тұрақты жұмыс істемейді, яғни, олардың өз берешегін өтеуге қаражаты болмайды.
Сондай-ақ ҚНРДА-мен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарлануда, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар.