Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Polisia.kz

2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.

- Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда – делінген полицияның хабарламасында.

Осыған дейін аса iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланғаны туралы жаздық.