Бұл мәселе жөнінде бүгін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен Жол картасын іске асыруға арналған жиын барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамы әріптес банктерден ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алуды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні акционерлік қоғам жалпы сомасы 13 млрд. Теңгеге жуық ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.