Бұл қадамдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған салықты әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалану тетігі туралы келісімнің нормаларын ұлттық салық заңнамасына имплементациялау ұсынылады», - деді депутат Сергей Симонов Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар мобильдік төлемдерді реттеу ескерілген.
Мұнымен қоса құжатта:
- екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына шетелдік интернет-компаниялардың қосылған құн салығын («Google»-ге салынатын салық) толық және уақтылы төлеуін қамтамасыз ету мақсатында «Мерчент ID» бойынша шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомалары туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетін көздеу;
- салық төлеушінің паспортын енгізу;
– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салықтық режимдерді (АСР) және бірыңғай жиынтық төлемді қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін қайта қарау қамтылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.