Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.
Айта кетейік, қаржы секторын тұрақтандыру аясында еліміздегі 4 жүйе құраушы банктердің қосымша төлемпаздығы 486 млрд. теңге сомасында іске асырылды. Бұл өз кезегінде банктердің резервтік деңгейін қалыптастыруға, сондай-ақ экономиканы несиелендіруді арттыруға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, БТА банкке - 212 млрд. теңге, Казкоммерц банкке -120 млрд. теңге, Халық банкіне - 120 млрд. теңге және «Альянс» банкке 124 млрд. теңге бөлінген болатын.
М. Құсайыновтың сөзіне қарағанда, банктердің сыртқы қарыздары 11 млрд. доллардан астам қаржыға қысқартылды. Сонымен қатар ол БТА банктің, Альянс банктің және Темір банктің сыртқы міндеттерін қайта құрылымдау табысты аяқталғанын атап өтті.
М. Құсайыновтың айтуынша, атақарылған шаралардың нәтижесінде халықтың банк жүйесіне деген сенімі арта түсті. 2010 жылдың ішінде екінші деңгейлі банктерге халықтың салымы 13,7 пайызға өсіп, жыл соңында 6,8 трлн. теңгені құрады.