«Біз екінші деңгейлі банктермен жұмыс істемейтін заемдарды азайтуға келістік. Келесі жылы біз әрбір банкпен жеке-жеке келісім жасаймыз. 2016 жылдан бастап олар кезең-кезеңімен оны 20, 15 және 10 пайызға дейін төмендететін болады», - деді Қ.Келімбетов. Бас банкирдің айтуынша, 2016 жылдың қарашасына дейін нормативтік құқықтық акт қабылданбақ.
17:09, 18 Желтоқсан 2013
Банктердегі жұмыс істемейтін заемдар 4 триллион 158 миллиард теңгені құрайды - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша банктердің қоржындарындағы жұмыс істемейтін заемдар 31,4 пайыз болып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуал туралы баспасөз мәслихатында айттты.