Банктердің экономиканы несиелеуі 7 айда 5,4 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шілдеде банктердің экономиканы несиелеуінің жалпы көлемі 9289,3 млрд. теңгені құрап, 0,4 пайызға ұлғайды. Бұл  ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың  бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Бас банкирдің айтуынша, шілдеде ұлттық валютадағы кредиттердің

көлемі 6292,1 млрд. теңгеге дейін 1 пайызға өсті. Шетел валютасындағы несиелердің көлемі 6292,1 млрд. теңгені құрап, 0,8 пайызға төмендеді. Теңгедегі несиелердің үлес салмағы 67,3-тен 67,7 пайызға дейін ұлғайды. Шілдеде ұзақ мерзімді несиелеу - 1,7 пайызға өсіп, қысқа мерзімді несиелеу - 3,5 пайызға төмендеді. Соның нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлесі маусыммен салыстырғанда 80,8-ден 81,5 пайызға артып отыр. Шілдеде заңды тұлғалардың несиесі 0,3 пайызға төмендеп, жеке тұлғалардың несиесі 2,3 пайызға ұлғайды.  Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 0,5 пайызға ұлғайып, экономикаға берілген несиелердің 14,7 пайызын құрады. Банк несиелерінің 19,8 пайызы сауда, 14,9 пайызы құрылыс, 12,1 пайызы өнеркәсіп, 3,9 пайызы көлік, 3,1 пайызы ауыл шаруашылығы салаларына берілді.