«Жазғы маусым қарсаңында тұтыну секторының белсенділігі арта түсті. Банктердің наурыз айындағы тұтыну мақсатында берген несиелері миллиард доллардан асып түскен. Былтырғы жылдағы тұтыну несиелерінің шарықтауы шілде айына келген болатын. Ол кездегі берілген тұтыну несиелерінің сомасы 1,3 миллиард доллар болды. Наурыз айының қорытындысы бойынша, халқымыздың тұтыну мақсатында алынған несиелер бойынша банктер алдындағы берешегі 2,3 триллион теңгеден асқан», - делінген хабарламада.
Деректер бойынша, ең жоғарғы сұраныс Алматыда. Бұндағы сұраныс бір ай ішінде 5%-ға өсіп, 942 миллиард теңгеге жеткен. Бұл сома, ҚР ЕДБ тұтыну мақсатында берілген несиелерінің 40%-ға жуығын құрайды.