«Банктер несиелікбелсенділігін ұлғайтып келеді. Сәуір-маусым айларының аралығында жүргізілгенбанктерді қалыпқа келтіруден кейін несиелік портфель 3,5%-ға немесе 433,6 млрдтеңгеге жетті. Яғни 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді несиелер –11,0 трлн теңге, қысқа мерзімді несиелер – 1,9 трлн теңгеге тең болды. Бизнесүшін несиелерге қолжетімділік артуда: маусымда теңгемен несиелер бойынша ставкаөткен жылғы маусымдағы 12,5%- бен салыстырғанда 11,7%-ға дейін төмендеді», -деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.
Ұлттық Банкбасшысының айтуынша, несиелеудің өсуіне қорландыру базасының сапалы түрдежақсаруы ықпал етіп отыр.
«Бұл реттееурооблигацияларды (ҚазАгро) өтеу, сондай-ақ жекелеген ірі салымшылардыңвалюталық депозиттерді шетелдік қаржы ұйымдарына аударуы нәтижесінде шетелвалютасындағы депозиттер 19,8%-ға қысқарды. Соның салдарынан, депозиттердідолларландыру маусымның соңында 41,6%-ға дейін төмендеді», - деді ол.