«Mail on Sunday» газетінің жазуынша, мәліметтердің ұрлануы жайында аты-жөнін атамаған белгісіз біреудің арқасында анықталды. Ол бұған дәлел ретінде USB-жадыда екі мың адам жөнінде ақпаратты ұсынды. Клиенттер деректерінде қаржылық ахуалы мен денсаулығы жайында, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру нөмірі мен төлқұжаттық ақпараттар қамтылған. Бұл мәліметтер «қара нарықта» бірнеше миллион фунт қаржыға тең. Жалпы «Barclays» банкінің 24 мың клиенті туралы ақпарат қолды болып отыр, кейін ол сатылып кеткен. Қазіргі кезде банк ақшалары ұрланған азаматтармен байланысып жатыр.
21:30, 09 Ақпан 2014
Банктің мыңдаған клиенттері жайында ақпарат қолды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда «Barclays» банкінің бірнеше мың клиенттерінің жеке мәліметтерін ұрлау фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.