Бану Мәнсүрова - халықаралық турнир жеңімпазы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Таеквондадан Ресейдің Челябинск қаласында жастар арасында таеквондодан «Russia open» халықаралық турнирінде қызылордалық Бану Мәнсүрова жеңімпаз атанды.

Б. Мәнсүрова - Қызылордадағы Жалаңтөс Бахадүр атындағы облыстық балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы, таеквондодан Қазақстан Республикасының «Спорт шебері», «қара белбеу» 1-ші дан иегері, жасөспірімдер арасында 4 дүркін Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы, мектеп және колледж оқушылар арасында Қазақстан Республикасы спартакиадасының 2 дүркін жеңімпазы. Турнирде 65 келі салмақ дәрежесінде ел намысын сынға түскен ол ақтық кездесуде ресейлік таеквондошыны 12:4 есебімен ұтты.

Ол 2010 жылы қыркүйек айында Оңтүстік Корея мемлекетінің Гуми қаласында өткен таеквондодан «Korea open» халықаралық турнирінде чемпион атанған болатын.

Ол 2002 жылдан бастап Жалаңтөс Бахадүр атындағы облыстық балаларға арналған мектеп-интернаттың таеквондо бөлімінде жаттығуда.

Жаттықтырушысы - Нұрлыбек Сухан.

2011 жылдың желтоқсан айында Үндістан мемлекетінде өтетін таеквондодан Азия біріншілігіне қатысуға жолдама алды.