БАПОР Бас комиссары: Газа үмітсіздік еліне айналды

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА.KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестина босқындарына көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінің (БАПОР) Бас комиссары Филипп Лаззарини Израильдің қарқынды шабуылдары жағдайында «Газа секторы үмітсіздік еліне айналды» деп мәлімдеді, деп жазды Анадолы.

«Бос айыптау сөздер қоршауды алып тастауға, атысты тоқтатуды қалпына келтіруге және адамзаттан қалған нәрсені сақтауға бағытталған әрекеттерге айналуы үшін қанша уақыт қажет? - деп атап өтті комиссар генерал Лазарини.

Бұл туралы БАПОР-дың X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында айтылған.

Аштықтың күшейгенін және мұның әдейі жасалып жатқанын атап көрсеткен Лазарини: «Газа үмітсіздік еліне айналды» деді.

Оның айтуынша, екі миллион адам, негізінен әйелдер мен балалар, ұжымдық жазаға тартылып, жарақат алғандар, науқастар мен қарттар медициналық препараттар мен күтімнен айырылған.

Лаззарини гуманитарлық ұйымдардың Газадағы палестиналықтарға көмек жеткізуге дайын екенін айтты. БАПОР-дың шамамен 3000 жүк көлігі секторға кіруді күтіп тұр. 

– Гуманитарлық көмек сауда құралы және соғыс қаруы ретінде пайдаланылып отыр. Қоршау алынуы керек, гуманитарлық көмек жеткізілуі тиіс, тұтқындар босатылуы қажет, ал атысты тоқтату режимі қалпына келтірілуі керек, – деді ол.

Израильдің Газадағы шабуылдары қайта басталды

Израиль армиясы 18 наурызда Газадағы кең ауқымды соққыларды қайта бастады, бұл 19 қаңтардан бастап күшіне енген атысты тоқтату келісімінен екі ай өткен соң болды.

Содан бері 1890 палестиналық қаза тауып, олардың көпшілігі әйелдер, балалар мен қарттар, ал 4950-ден астам адам жарақат алды.

2023 жылдың 7 қазанында соғыс басталғаннан бері Газадағы қаза тапқандар саны 51 266 адамға жетіп, тағы 116 991 адам жарақат алды.

Израильдің жаңа бітім ұсыныстарын қабылдаудан бас тартуы аясында армия ХАМАС-қа қарсы әскери әрекеттерді күшейту ниетін білдірді. Өз кезегінде, ХАМАС Израильді уәделерін бұзып, делдал елдердің көз алдында палестиналық халыққа қарсы геноцидті қайта бастағаны үшін айыптады.

Шабуылдардың қайта басталуы премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың ішкі саяси қадамдарымен, атап айтқанда, ішкі қауіпсіздік қызметі ШАБАК басшысын жұмыстан босатумен тұспа-тұс келді, бұл да израиль қоғамында пікірталастар тудырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Газаға 50 күннен бері гуманитарлық көмек жеткізілмей жатыр.