Жас әншілердің өнерін қолдау үшін Димаштың Польша, Ресей және Қазақстанның әр аймағындағы жанкүйерлері Ақтөбеге келген. Олар кеше «Baqytty Bala» IV балалар вокалдық байқауының өнерпаздарына арналған баспасөз конференциясына қатысқан. Қолдау көрсетушілер арасында Башқұртстаннан Ақтөбеге жеке көлігімен келген жанкүйерлер де бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде «Baqytty Bala» балалар фестивалі өтіп жатқанын хабарлап едік. Оған әлемнің бірнеше елінен келген 21 өнерпаз қатысуда. Байқаудың жеңімпаздары бүгін сағат 19:30-да өтетін Гала-концертте анықталады.