«Бәрі қайта басталады»: Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа баруға дайындалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жуырда АҚШ-қа барып, алдағы жекпе-жектеріне дайындықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы спортшының командасы Instagram парақшасында хабарлады.

Фото: Top Rank

— Бәрі қайта басталады. Бастамамыз сәтті болған сияқты. Құрметті жанкүйерлер, қолдауларыңызға көп рақмет! Жерлестеріңіз ретінде маған ерекше демеу көрсетіп келесіздер. Қазір визаны күтіп отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, жақын күндері Америкаға аттанамыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақ дәрежесінде WBO рейтингінде жекпе-жексіз-ақ екінші орынға көтерілгені хабарланған болатын.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді. Сол кездесуде ол орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған еді.

Кейін орта салмақтағы WBA чемпионымен өтетін біріктіру жекпе-жегі қарсаңында қарсыласының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, кездесу өтпей қалды. Қарсыласы 2026 жылдың желтоқсанына дейін спорттан шеттетіліп, IBF титулынан айырылды. Ал Жәнібектің WBO чемпиондық белбеуі өзінде сақталып қалды.

Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқан болатын.