Барахолка маңында цех өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда барахолка маңында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барахолка маңында цех өртенді. Қазір өрт толық сөндірілді»,- деді Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт таңғы 9:50-де Алатау ауданындағы Шапағат шағын ауданында Головацкий, 59 мекенжайындағы жиһаз цехінен шыққан.

Бұл ауданда су аз болғандықтан өрт сөндірушілер үздіксіз су жеткізіп тұрды.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 10:36-да ауыздықтады. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.

Айта кетсек, өрт суреттері әлеуметтік желіде жарияланды .