Нобельдік бейбітшілік сыйлығының сомасы биылғы жылы 10 миллион швед кронын (миллион еуроға жуық) құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Сыйлықты тапсыру салтанаты Ослода желтоқсанның 10-ында, сыйлықтың негізін қалаушы - швед өнертапқышы, өнеркәсіпшісі, лингвисі, философы және гуманисі Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.