Барак Обама Ақ үй қызметкерлерінің жалақыларын тоқтатып қойды
09:01, 22 Қаңтар 2009
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама алғашқы жұмыс күні Ақ үйдің кейбір қызметкерлерінің, атап айтқанда, жылдық кірісі 100 мың доллардан асатын көмекшілер мен кеңесшілердің, баспасөз хатшыларының жалақыларын уақытша тоқтатып қойды.
Барак Обама қарапайым американдықтармен ынтымақтастығын осылайша білдіріп отыр. «Бүкіл ел бойынша қарапайым отбасылар белбеулерін тартып, үнемдеуге кірісті, Ақ үйдегілер де солай етуі керек», деп хабарлайды Аssociated Press агенттігі Обаманың сөзіне сілтеме жасап.