Сапар кезінде Обама Балтимордағы Ислам қоғамының көшбасшыларымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін АҚШ президентін Республикалық партияның атынан үміткер болған Дональд Трамп мұсылмандардың АҚШ-қа кіруін толықтай тоқтатуға шақырды. Миллиардердің айтуынша, мұсылмандар Американы жек көреді және ұлтқа зиян тигізуі мүмкін, деп жазады Би-би-си.