Жүздесу басталар алдында Обама Кубаның тәуелсіздігі жолында белсене күрескен батыр Хосе Мартидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұл АҚШ басшысының 88 жылдан соң болған бірінші сапары, деп хабарлайды Би-би-си. Көптеген журналистер Обаманың сапары американдық-кубалық қарым-қатынастағы күрт бетбұрыс деп бағалауда.