Еске сала кетейік, онда Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі халық көп шоғырланған жерге барып адамдарды басып-жаншыды. Салдарынан 80-ге жуық адам көз жұмды.
"Америка халқының атынан Францияда бірнеше ондаған бейкүнә адамның өмірін қиған, Ниццадағы зұлымдықпен жасалған террорлық шабуылды сынға аламын ", - делінген АҚШ президентінің мәлімдемесінде.
Обама болған оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін команда жіберетінін айтты, деп хабарлайды Би-би-си.