деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Обаманың айтуынша, 250 мың доллар соманы зілзаладан зардап шеккен Гаити тұрғындарына көмектесу үшін Обаманың өз өтініші бойынша құрылған Буш-Клинтон қоры алатын болады. Тағы осыншама сома ардагерлер мен олардың отбасыларына көмектесіп отырған «Фишер хауз» ұйымына беріледі.
Қалған сома басқа да қорлар мен ұйымдарға, оның ішінде Африка және Орталық Азия елдеріндегі білім бағдарламаларын қолдаушы ұйымдарға үлестірілетін болады.