«Әңгіме екіжақты қарым-қатынастардың нашарлап бара жатқандығына қатысты болады», - дейді елдегі шені жоғары лауазым иелерінің бірі. Ол сондай-ақ кездесу туралы тараптардың бірнеше күн бұрын ғана келіскенін атап өтті.
Сауд Арабиясы мен АҚШ 1932 жылы корольдіктің құрылған сәтінен бері одақтас болып келеді.
2001 жылы 11 қыркүйектегі басым бөлігін саудтық лаңкестер құраған топ жүзеге асырған террористік әрекеттерден соң бұл елдердің арасындағы қарым-қатынастар нашарлап кеткен, алайда, стратегиялық әріптестіктері әлі де жалғасын тауып келеді.
2008 жылы АҚШ президенті Джордж Буш төрт ай ішінде Эр-Риядқа екі рет барған еді. Көптеген сарапшылардың пікірінше, осы кезеңді аталмыш мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың шарықтау шыңына жеткен кезі деп бағалауға боладыі.