Барак Обама зайыбымен бірге Нельсон Манделланың отбасымен кездеседі

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама және әйелі Мишель Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделланың өзімен емес, отбасымен кездесуге ниеттеніп отыр.

Кеше БАҚ Обама жұма күні ОАР-ға ат басын тірейді деп хабарлаған болатын. Онда осы елдің алғашқы қара нәсілді президенті Манделла ауруханада жатыр. Дәрігерлер Манделланың жағдайын аса ауыр деп отыр.