Барак Обаманың қызы мейрамханаға даяшы болып жұмысқа орналасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың қызы алғашқы жұмысына кірісті, деп жазды Hello. 15 жастағы Саша жазда Массачусетс штатындағы Мартас-Винъярд аралында орналасқан Nancy's мейрамханасына жұмысқа тұрды.

Онда мемлекет басшысының қызы даяшы болып жұмыс жасайды. Атап айтқанда, ол үстелдердегі ыдыс-аяқты жинап, кассада тапсырыстар қабылдайды.

Обаманың қауіпсіздігін Құпия қызмет қызметкерлері қамтамасыз етеді, олар Сашаға өз тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.

  Nancy's   мейрамханасы балық тағамдарын әзірлейді.  Обама отбасы    Мартас-Винъярдқа жазғы демалысқа келгенде осы орыннан тамақтанғанды ұнатады.

Бұдан бұрын Барак және Мишель Обаманың қыздары Саша мен Малия Испанияда Гран-Виа көшесінде дүкен аралағаны хабарланған.