Бұл мәліметтер президент отбасының 13 сәуірде жарық көрген салық декларациясында жарияланған, деп хабарлайды Associated Press . 2010 жылмен салыстырғанда бұл табыс екі езеге жуық аз болып табылыды. Ол жылы президент отбасы 1,73 миллион доллар пайда тапқан болатын.
Декларацияда жазылғандай, Барак Обаманың жалақысы барлық кірістің жартысына жуығын құрайды. Басқа кіріс көздері президент жазған кітаптарға төленген қаламақалардан құралады. Салық ретінде Барак пен Мишель федералдық бюджетке 160 мың доллар (бір жыл бұрын - 454 мың доллар) салған. Қайырымдылыққа 172 мың доллар жұмсаған, 2010 жылы бұл көрсеткіш 245 мың доллар болған еді. Негізінен Обама соғыс мүгедектері мен соғыста қаза тапқандардың балаларына «қамқорлық» көрсетеді екен.
Bloomberg мәліметтері бойынша, Республикалық партия атынан президенттікке үміткер Митт Ромни дің кірісі 2011 жылы 20 миллион доллардан асып түскен.