АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - «Қайрат» футзал командасының бас бапкері бразилиялық Жоао Барбоза отставкаға кетті. Ол енді ресейлік «Сибиряк» командасын жаттықтырады. Бұл жайында «Аламан» агенттігі жазып отыр.
Ресейлік команда жақында өз бапкерлері Темур Алекберовты жұмысынан босатқан еді. Одан кейін Барбозаға ұсыныс жасаған. Бұл ұсынысты бразилиялық маман қуана қабылдаған сынды.
Барбозаның орнына «Қайратты» тағы бір бразилиялық маман Маркао баптайды. Ол бас бапкердің міндетін атқармақ.
Маркао «Қайрат» командасынан бөлек Қазақстан құрамасын да баптайтыны белгілі. Әзірге бразилиялық маман ұлттық құрамадағы жұмысы жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.