«Зардап шеккендер мен іздестірілгендер табылған жоқ», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Өткен дүйсенбіде сағат 07:30-да Архангельск облысы Новая Земля маңындағы Баренц теңізіне «Онега» №МК 0331 кемесі суға батып кеткен. Ресей тергеу комитеті теңіз және су көліктерін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Экипажда 19 адам болған. Екі адам құтқарылып, қалғаны қаза тапқан.