«Барыс» алдағы төрт ойынға қатысатын құрамын жариялады

Фото: hcbarys.kz

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы 2024 жылғы алғашқы төрт ойынына қатысатын команда құрамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform. 

Елордалық клуб алдағы төрт ойынын Ярославль,Челябинск,Уфа, Казань қалаларында өткізеді.

Аталған ойындарға төмендегі ойыншылар шақырту алды.

Қақпашылар: Даниил Кудимов, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Алекс Грант, Самат Данияр, Нельсон Ножье, Эмиль Нұрғалиев, Давид Скленичка, Кристиан Хенкель, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Даниил Апальков, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Энтони Камара, Джозеф ЛаБейт, Всеволод Логвин, Понтус Оберг, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Рудольф Червени, Аркадий Шестаков.

Алдағы ойындарға шабуылшы Батырлан Мұратов жарақатына байланысты қатыса алмайды. Ол «Трактормен» кездесуде жарақаттанып қалған еді.

Ойын кестесі (Астана уақытымен):

3 қаңтар. 20:00. «Локомотив» (Ярославль) - «Барыс»;

5 қаңтар. 17:30. «Трактор» (Челябі) - «Барыс»;

7 қаңтар. 17:30. «Салават Юлаев» (Уфа) - «Барыс»;

9 қаңтар. 22:30. «Ак Барс» (Қазан) - «Барыс».

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңіске жетті.