«Барыс» бүгін «Ак Барс» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: ХК «Барыс»

Кездесу бүгін, 4 қарашада күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 49 мәрте кездесті.

Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ойыннан кейін 23 ұпаймен 20-орында тұр.

Aл «Ак Барс» 25 ойыннан кейін 34 ұпаймен 6-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын буллитте «Автомобилист» командасынан басым түсті.