«Барыс» бүгін «Автомобилист» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

Кездесу бүгін, 24 қазан күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 57 мәрте кездесті.

Оның 36-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 22 ойыннан кейін 20 ұпаймен 19-орында тұр. Aл «Автомобилист» 22 ойыннан кейін 26 ұпаймен 8-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Елордалық клуб бұдан кейін 27 қазанда Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» бейжіңдік «Куньлунь Ред Старды» жеңген еді