АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 31 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 19:30-дa басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 75 мәрте кездескен. Оның 26-сы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 56 ойыннан кейін 44 ұпаймен 21-орында тұр. Ал, «Авангард» 56 ойыннан кейін 79 ұпаймен 3-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі төрт ойынды да елордада өткізеді. Алдымен 4 және 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ак Барстан» төртінші мәрте жеңілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.