«Барыс» бүгін елордада «Автомобилист» командасымен кездеседі

Фото: Фото: hcbarys.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 22 ақпанда елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 60 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Турнир кестесінде «Барыс» 65 ойыннан кейін 48 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Автомобилист» 66 ойыннан кейін 78 ұпаймен 10-орында келеді.

Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Амур» командасына есе жіберді.