АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 24 ақпанда елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Екі команда бұған дейін 17 мәрте кездескен. Оның 7-еуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Турнир кестесінде «Барыс» 66 ойыннан кейін 48 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Лада» 66 ойыннан кейін 74 ұпаймен 13-орында келеді.
Биыл елордалық клуб аталған қарсыласымен өткен үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты.
Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Автомобилист» командасына есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.