«Барыс» бүгін елордада «Лада» командасымен кездеседі

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді. 

Ойын елорда уақытымен 16:50-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 19 мәрте кездескен. Оның 7-еуi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 22-орында тұрса, «Лада» 35 ұпаймен 21-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі тағы бір ойынын елордада өткізіп, 7 қаңтарда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» алтыншы ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді.