«Барыс» бүгін елордада «Трактор» командасымен кездеседі
09:30, 16 Қараша 2023
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу бүгін, 16 қарашада күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездесті.
Оның 30-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 31 ойыннан кейін 25 ұпаймен 20-орында тұр.
Aл «Трактор» 30 ойыннан кейін 35 ұпаймен 11-орынға орналасты.
Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасы Ресейдің «Северсталь» командасынан басым түсті.