АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 26 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 21:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 16 мәрте кездескен. Оның 7-еуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 54 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр. Ал, «Лада» 56 ойыннан кейін 66 ұпаймен 12-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің СКА командасынан ірі есеппен жеңілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.