«Барыс» бүгін «Металлург» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Kazinform

Кездесу бүгін, 31 қазан күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 69 мәрте кездесті.

Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 25 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұр.

Aл «Металлург» 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен 5-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Елордалық клуб бұдан кейін 2 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді