Бұл турнир 27-30 тамыз аралығында өтіп жатыр Қарсыластары - Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Адмирал» (Владивосток) және СКА-ВМФ (Санкт-Петербург) командалары.
Алғашқы кездесуде қазақстандық команда СКА командасына буллиттен 1:2 есебімен жол берді. Сондай-ақ қазақстандық команда 29 тамызда «Адмирал» клубына қарсы ойнайды.
Елордалық клубтың бас бапкері Михаил Кравец бұл турнирде төмендегі ойыншыларға сенім артты.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, ңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетейік, Мэйсон Морелли отбасылық жағдайына байланысты турнирге қатыса алмайды.
Еске салсақ, астаналық «Барыс» Ресейдің Уфа қаласында өткен Башқұртстан Республикасы кубогы турнирін жеңіспен аяқтады.