«Барыс» бүгін сырт айдында «Автомобилист» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 7 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 62 мәрте кездескен. Оның 38-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 10 қазанда Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін 16 қазанда «Салават Юлаев» (Уфа) шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» он бірінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.