«Барыс» буллитте «Салават Юлаевты» жеңіп кетті

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елордалық клуб қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді.

Салдарынан 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 20-орында тұр.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгінгі ойынды қазақстандық команда белсенді бастады. Елордалық клуб сапынан Дмитрий Гурков 6-минутта мергендік танытты.

Ойынның 21-минутында «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий есепті үстемелей түссе, 39-минутта «Салават Юлаев» хоккейшісі Михаил Науменков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыстың» жолы болды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Ал Николай Кулёмин 48-минутта таразы басын теңестірді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Енді «Барыс» алдағы ойынын 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізсе, 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліп қалған еді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform