Екі команда бұған дейін 58 мәрте кездесті. Оның 36-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 26 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұрған еді.Оған қ оса астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Сондықтан бүгінгі кездесуде елордалық команда жеңіске жетуге бар күшін салды. Нәтижесінде олардың қатарынан Михаил Рахманов 9-минутта есеп ашса, «Автомобилист» хоккейшісі Андрей Обидин 13-минутта таразы басын теңестірді.
Ал 35-минутта Максим Мусоров қайтадан «Барысты» алға шығарса, ресейлік клубтан Андрей Голышев 42-минутта соққан голдан кейін қайтадан таразы басын теңесті.
Ойынның негізгі кезеңі мен овертайм 2:2 есебімен тең аяқталып, буллитте «Барыс» жеңімпаз болды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, қатарынан төрт ойын сәтсіздіктен кейін жеңіске жетті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 4 қарашада Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Металлург» командасына есе жіберді.